Жолдың соңы - мұражай: Полицейлер түнде Әл-Фараби даңғылында болған жол апатының видеосын көрсетті

Сурет: Zakon.kz
Алматы полициясы өткен түні BMW көлігінің қатысуымен Әл-Фараби даңғылындағы Өнер мұражайы маңында болған жол апатының мән-жайын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін жоғары жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көліктің жолдан шығып кетіп, қалалық Өнер музейінің аумағына кіріп кеткенін жазғанбыз.

Алматы қаласы полиция өкілдері оқиға сәті сол маңдағы бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын мәлімдеді.

"Бейнебақылау камераларының жазбасына сәйкес, апатқа дейін бірнеше секунд бұрын BMW автокөлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, көліктердің арасымен қайта-қайта жолақ ауыстырып, қауіпті маневрлер жасаған. Бір сәтте жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, жолдың жүру бөлігінен шығып кеткен. Артынша музей алдындағы алаңға шығып, шар пішініндегі сәндік арт-инсталляцияға соқтығысқан",- деп мәлімдеді ведомство.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін оларды ауруханаға жатқызу қажет болмады.

"Бейнебақылау камераларындағы жазбалар тексеру материалдарына тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында жан-жақты тексеру жүргізілуде".Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Түркістан облысында жол апатынан жеті адам көз жұмғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қанша адам педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2026 жылы қандай жаңа заңдар қабылданады

Бірқатар салықтар бойынша есептілік тапсыру және төлем жасау мерзімі 20 шілдеде аяқталады

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған