Алматыда үш көліктің қатысуымен ауыр жол апаты болды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 2026 жылғы 17 шілдеде Панфилов пен Мәметова көшелерінің қиылысында үш көліктің қатысуымен ауыр жол апаты болды. Куәгерлер жол апаты бағдаршам жұмыс істемей тұрған кезде болғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Alphard Панфилов көшесімен солтүстік бағытта, ал BMW 5 сериясындағы көлік Мәметова көшесімен батыс бағытта келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Бағдаршамның жұмыс істемеуіне байланысты жүргізушілер жол бойына қойылған белгілерді басшылыққа алуы керек еді.

Олардың айтуынша, BMW жүргізушісі "Жол бер" белгісін елемей, қиылысқа атып шығып Toyota Alphard-пен жанаса соқтығысуға жол берген.

Сурет: Zakon.kz

Минивэннің дөңгелегіне соққы жасалып, содан кейін Toyota жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Автокөлік жол қиылысын кесіп өтіп, бір бүйіріне қарай аударылған, бірақ бар инерциясымен одан ары сырғып жол бойында тұрған "Газельге" соғылған.

Сурет: Zakon.kz

Алдын ала мәліметтер бойынша, BMW жүргізушісі жарақат алған, бірақ ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер жол апатына түскендердің барлығын тексерді, бірақ ешкім ауруханаға жатуды қажет етпеді.

Сурет: Zakon.kz

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды