Мас ақтөбелік көшеге мылтық алып шыққан: сот үкім кесті

Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде мас күйдегі ер адам 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы алып, көшеге шыққан. Қаруланған оны көпшілік Ташкент көшесінің бойында байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" газетінің мәліметінше, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамды тоқтатып, қолындағы қаруды күш қолданып тартып алған.

Кейін анықталғандай, 33 жастағы Ақтөбе тұрғыны тек мас күйде ғана емес, есірткінің де әсерінде болған. Егер полиция дер кезінде араласпағанда, оқиғаның соңы қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Нәтижесінде оған қаруды заңсыз сақтады және алып жүрді деген айып тағылып, іс сотқа жолданған.

"Сотта айыпталушы мылтықты бейтаныс адамдардан тартып алғанын, кейін оны үйінің маңына жасырып қойғанын айтты. Оның сөзінше, оқиға болған күні танысымен телефон арқылы жанжалдасып қалған. Кейін дүкенге бара жатқанда әлгі қаруды өзімен бірге алып шыққан. Алайда оны не үшін алғанын нақты түсіндіре алмады",- деп жазды басылым.

Сот отырысында ол жасаған ісіне өкінетінін айтып, өзін қатаң жазаламауды сұрады.

Сот оның кінәсін мойындағанын, шын ниетпен өкінгенін және кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескеріп, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Бұдан бөлек, оған қосымша жаза ретінде жазасын өтеу мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылу міндеттелді. Сондай-ақ сот талаптарына сәйкес, жұмыстан кейін ол үйінде болуы тиіс. Егер белгіленген шектеулерді бұзса, бас бостандығын шектеу жазасы нақты түрме жазасына ауыстырылуы мүмкін.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді