Алматыда жедел қызмет өкілдері бесінші қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Фото: Zakon.kz
Алматыда полицейлер мен құтқарушылар әйел адамның өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, "102" арнасына көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы кондиционердің сыртқы блогында тұрған жас әйел туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына бірден бірнеше патрульдік полиция экипажы жетті. Полицейлердің бір тобы әйелмен үздіксіз сөйлесіп, оны сабырға шақырып, қайғылы қадамға бармауға көндіруге тырысса, екінші тобы оқиға орнын қоршап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жедел қызметтердің жұмысын үйлестірді.

Бірнеше минуттан кейін құтқару қызметінің мамандары келіп жетті. Полицейлер мен құтқарушылардың бірлескен әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде әйел аман-есен пәтерге кіргізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға отбасылық жанжал себеп болған. Әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаға қатысы бар барлық азамат мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Бұған дейін Ақтауда 10-қабаттағы терезенің сыртқы жақтауына шығып кеткен баланың құтқарылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды