Ұйықтап жатқан қазақстандық қызды көршісі жасырын суретке түсірген: оқиға немен аяқталды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауылдардың бірінде жергілікті тұрғынның басынан тосын әрі алаңдатарлық жағдай өтті. Түнде көршісінің үйіне рұқсатсыз кіруі қыздың құқық қорғау органдарына жүгінуіне себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаға қатысты түсініктемені 2026 жылғы 26 тамызда өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі берді. Ведомствоның мәліметінше, полицияға 20 жастағы қыз арызданған. Ол түн ортасында көршісінің үйіне заңсыз кіріп, өзі ұйықтап жатқан кезде суретке түсіргенін айтқан.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел барып, күдіктіні ұстады. Ол 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

"Тергеу барысында 37 жастағы ер адамның шынымен де 20 жастағы көршісінің үйіне кіргені анықталды. Ол бұл әрекетін қызбен сөйлескісі келгенімен түсіндірді", – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ ауыл тұрғынының әрекетіне не себеп болғанын анықтап жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Ведомство азаматтардың тұрғын үйіне бас сұғуға болмайтындығын еске салды. Өзгенің үйіне заңсыз кіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Полиция азаматтарды айналасындағылардың жеке шекарасы мен заңды құқықтарын құрметтеуге шақырды.

Бұған дейін Қазақстанның оңтүстігінде 56 жастағы ер адамның жанжал кезінде қарсыласын пышақтап, өлімге әкелген жарақат салғаны туралы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін