Тоқаев "ШЫҰ плюс" саммитіне қатысты

Сурет: akorda.kz
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы "ШЫҰ плюс" форматында жалғасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент саммитте сөз сөйлеп, Қырғызстанның ШЫҰ-ға төрағалығы жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтты.

"Қырғызстан Ұйым мүшелерін жұмылдырып, біздің ұсыныстарымыздан "Тұрақты бейбітшілік, даму және өркендеу жолындағы бірлік" ұраны аясында мазмұнды күн тәртібін қалыптастырды. Бішкек саммитінің қорытындысы ортақ мақсаттарға бір табан жақындатып, Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылықты сақтайтын басты тіректердің бірі ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын нығайта түсетініне сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ стратегиялық міндетке тоқталды. Оның пайымдауынша, күш көрсету культі мен конфронтация орнына өзара жауапкершілік, бірлесе даму және ұзақмерзімді ынтымақтастық салтанат құратын жаңа әлемдік тәртіп қалыптасуға тиіс.

"Халықаралық аренадағы мұндай ықпалдастықтың ең үлгілі моделі "Шанхай рухы" екенін ШЫҰ-ның көпжылдық тәжірибесі анық көрсетеді. Ұйым қызметіндегі теңдік пен консенсус қағидаттары, шын мәнінде, көпжақты ынтымақтастықты табысты дамытудың үздік өлшеміне айналды. Сондықтан ШЫҰ-ның басты қағидаттарын Халықаралық көпжақты ынтымақтастық және бейбітшілік жолындағы дипломатия күніне арналған БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы қарарында бекітуді ұсынамын", – деді Президент.
Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Доллар бағамы қатты өзгереді: Ұлттық банк жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті

1 қыркүйек - Білім күні

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді