Алматыда есірткі саудасының жолы кесілді: күдіктіден 1,5 келіден астам зат тәркіленді

Фото: Zakon.kz
Алматының Жетісу ауданында полицейлер есірткі сатудың жолын кесті. Алдын ала мәлімет бойынша, жеке секторда бірнеше доза марихуана сатып алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көп ұзамай жедел қызметкерлер есірткіні сатты деген күдіктіні қолға түсірді. Оның үйін тінту кезінде 1,5 келіден астам есірткі табылды.

Ұсталған адамның бұған дейін де есірткі істеріне қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция есірткінің қайдан келгенін және күдіктінің бұл істегі сыбайластарын анықтап жатыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды