Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Жұмыстарды үйлестіру үшін оқиға орнында жедел штаб құрылды.
"Құтқарушылар судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етті. Өртті сөндіру жұмыстарын күшейту үшін оқиға орнына арнайы техника жіберілді. Негізгі күштер өрттің одан әрі таралуына жол бермеуге бағытталды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.