Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 13 қазанда жатақхана әкімшілігі тұрғындарды шұғыл эвакуациялаған.
"Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Үйлесімді әрекеттердің арқасында жалынның басқа аумақтарға таралуына жол бермей, 16 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді", – деп хабарлады ТЖМ.
Өрт сөндірушілер сөндіру жұмыстары кезінде автосаты мен өрт сөндіру оқпанын пайдаланған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін, 2026 жылғы 12 қазанда Астанада ірі өрт шыққан болатын. Ведомствоның мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келгенде ашық жалын мен қою түтін байқалған.