Ekaraganda.kz мәліметінше, Haval, Lexus, Kia және Hyundai көліктері 2026 жылғы 20 қазанда күндіз К. Маркс көшесінде, "Голубые пруды" аялдамасы маңында соқтығысқан.
Апат салдарынан Lexus көлігінің 28 жастағы жүргізушісі мен Haval көлігінің 57 жастағы жолаушысына медициналық көмек қажет болды. Екеуі де медициналық мекемеге жеткізілген.
Көліктердің бірі қарсы бағыттағы қозғалыс жолақтарын бөліп тұрған қоршауға соғылған. Қазір апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Оқиға полицияда тіркелді.
Бұған дейін Павлодарда жедел шақырту бойынша науқасты тасымалдап бара жатқан жедел жәрдем көлігі жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Жол апатынан науқасты тасымалдап бара жатқан медицина қызметкерлері жарақат алған.