Нығматулин: биоқауіпсіздіктің жаңа моделі құрылуда

Сурет: Ж.Жұмабеков
Қазақстанда оның құқықтық негізі құрылуда

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста  депутаттар «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің заңнамалық тарихында алғаш рет «Биологиялық қауіпсіздік» туралы заң жобасын қабылдадық. Бұл заң жоба Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген. Осы құжат елімізде  биоқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған. Ол әртүрлі инфекциялардың алдын алуға, халықтың денсаулығын сақтауға, жалпы алғанда, қоршаған ортаны биологиялық қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді. Нұрлан Нығматулин

Палата Спикері атап өткендей, бұл заң жобасы Қазақстанда биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа моделін құру үшін құқықтық негіз болады және азаматтар мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталады. Осы заң жобасы биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін нақты ажыратуға және олардың қызметін үйлестіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, депутаттар осы заң жобасын талқылау барысында биологиялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе деректері мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді заңды тұлғалардың, оның ішінде жеке тұлғалардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау кезінде туындауы мүмкін маңызды ақпараттың жария етілуі немесе жоғалып кетуіне қатысты мәселелерді көтерді.

Мәжіліс Спикері атап өткендей, ақпараттық жүйелерді біріктіргеннен кейін деректер қорына қол жеткізе алатын барлық ұйымдар қолжетімділігі шектеулі жүйені енгізуі тиіс.

Осы ретте, Нұрлан Нығматулин Денсаулық сақтау министріне биологиялық қауіпсіздік саласындағы Бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйені құру барысын жеке бақылауға алу қажеттігін айтты.

Нұрлан Нығматулин
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды