Қылмыстық кодекске өлім жазасын алып тастауға қатысты өзгерістер енгізілді

Сурет: Zakon.kz
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Тәуелсіздік алған кезден бастап өлім жазасының күшін кезең-кезеңмен жою бағытына сүйеніп келеді. Бұл туралы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Арман Қожахметов айтты.

Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 16 қарашада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазақстанда өлім жазасы қандай да бір ескертусіз жойылуы тиіс екенін мәлімдеді. Осыған байланысты Комитет қылмыстық заңнамадағы өлім жазасын алып тастау туралы тиісті түзетулер дайындады. Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, сондай-ақ өлім жазасы туралы ережелерді қамтитын екі заңға түзетулер қолдау тапты. Арман Қожахметов.

Бұған қоса, өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге ратификацияланған Екінші Факультативтік хаттаманың редакциясы нақтыланды.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз