Нығматулин Румыния Парламенті сенаты Төрағасының орынбасарын қабылдады

Сурет: Ж. Жұмабеков
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Румыния Республикасы Парламенті сенаты Төрағасының орынбасары Алина-Штефания Горгиу бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz

Нұрлан Нығматулин Румыния Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындаған Еуропадағы алғашқы елдердің бірі екенін және маңызды саяси, экономикалық серіктес ел екенін атап өтті.

Палата спикерінің айтуынша, Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуындағы шешуші рөлді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атқарды. Бүгінде  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Румыниямен әріптестікті кеңейтуге үлкен мән береді.

Сурет: Ж. Жұмабеков

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы Алина Горгиудың елімізге сапары  парламентаралық диалогты одан әрі нығайтуға және мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін беретінін айтты.
Қазақстан – Румыния үшін маңызды серіктес ел және парламентаралық байланысты одан әрі нығайтуға ниетті. Румыния Республикасы Парламенті сенаты Төрағасының орынбасары Алина- Штефания Горгиу

Сонымен қатар, сауда-экономикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, экология, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларына қатысты басым бағыттарға назар аударды.

Мәжіліс Төрағасы Қазақстан мен Румыния парламентшілерінің бірлескен жұмысын жандандыру заң шығару саласындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ парламентаралық ұйымдар аясындағы өзара тығыз қарым-қатынасқа ықпал ететініне сенім білдірді.

Нұрлан Нығматулин
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді