Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Нұрбек Саясатты тіркеді

Сурет: Facebook/Sayasat Nurbek
25 ақпанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбекті тіркеу туралы» қаулы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайтында хабарланды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 004 PQ қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:

1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрбек Саясатқа берілсін.

2) Нұрбек Саясат Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

3) Нұрбек Саясатқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

Сурет: election.gov.kz

Саясат Нұрбек 1981 жылы 18 мамырда Семейде дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, итальян (еркін), испан (орта деңгейде), жапон және латын (тіл негізі) тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан).

ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттары қауымдастығының мүшесі (2008 жылдан).

ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы Тәуелсіз сараптама комиссиясы төрағасының орынбасары (2008 жылдан).

Еңбек өтілі:

Әскери атағы - запастағы лейтенант.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды