Мәжіліс Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды мақұлдады

Сурет: ҚР парламенті мәжілісінің баспасөз қызметі
Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы назарларыңызға ҚР Конституциясының 52-бабы және ҚР Конституциялық заңының 24-бабының үшінші және сегізінші тармақтарына сәйкес, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Смағұлов

Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатуға 99 депутат дауыс берді, біреуі қалыс қалды.

Еске салайық, Дариға Назарбаева 25 ақпанда депутаттық қызметін тоқтататынын хабарлаған болатын. Ол әлеуметтік, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық шараларға толықтай көңіл бөлуді жоспарлап отырғанын айтты.

Енді оның мәжілістегі орнын жаңа депутат Саясат Нұрбек иеленеді.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Назарбаева Дариға

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы