Айтыскер Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты болады

Сурет: Facebook/Аманжол Әлтай
AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың Мәжілістің жаңа депутаты ретінде ұсынылғаны туралы жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрметті достар! Бүгін Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «AMANAT» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды. Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.Асхат Оралов

Сонымен қатар Асхат Оралов Facebook-тегі жазбасында Аманжол Әлтайды көптен бері танитынын айтты.

Тек елге танымал айтыскер ақын ғана емес, халық мүддесі үшін әркез салиқалы сөз түзіп жүрген азамат ретінде де жақсы білемін. Әрқашан елдің жанынан табылып, қиын кезде де партиямен бірге бола білген, ізін басып келе жатқан жастарға ісімен де, сөзімен де үлгі болып жүрген тұлға. Алда әлі талай мақсаттар тұр. Ортақ мүдде үшін нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін.Асхат Оралов

Айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаев 1971 жылы Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталды: не істеу керек, қайда бару керек