Белгілі айтыскер Аманжол Алтай Мәжіліс депутаты ретінде ант берді

Сурет: Facebook/Серик Аксункар
Белгілі айтыскер Аманжол Алтай Мәжіліс отырысында ант қабылдады. Ол Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындауға, маған жүктелген депутаттық міндеттерді адал атқаруға ант етемін.Аманжол Алтай

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңадан сайланған депутатты құттықтап, қызметіне табыс тіледі. Ол Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде жұмыс істейтін болады.

Аманжол Дүйсенбайұлы – қазақ ғалымы, филолог, импровизатор ақын, айтыс шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ұстаздық тәжірибесі мол, рухани-мәдени құндылықтарды, ұлттық өнерді дәріптеуге, гуманитарлық және білім саласын дамытуға зор үлес қосты.Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты