Мәжілісте тағы бір депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Владимир Тохтасунов Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» туралы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Владимир Имтахунович Тохтасуновтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіледі.

ОСК депутат В.И. Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілгенін нақтылады.

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: