Сенатор Жолдау туралы: Бүгін Қазақстанға сөз емес, іс керек

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауын тарихи құжат деп айтуға болады. Бұл – сан саланы қамтыған, сараланған салмақты стратегиялық жоспар. Президенттің кезекті жолдауы туралы сенатор Дана Нұржігіт осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінгі халықаралық геосаяси шиеленістер мен өз еліміздегі ішкі түйткілдер кез келген адамды абдырайтындай, қобалжитындай жағдайға түсірді. Алайда, көш бастайтын тұлғаның ондай күйге түсуге хақы жоқ. Жолынан таймайтын, нақты жоспары бар адам ғана сыртқы жағдайды елемей, өз траекториясынан ауытқымайды. Біз дәл сондай адамның қолынан шыққан жоспарды көрдік. «Күшті Президент, ықпалды Парламент, халыққа есеп беретін Үкімет» - бұл 2019 жылы Президенттік сайлауға түскен кандидат Тоқаевтың саяси тұғырнамасы болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлы сол айтқанынан бүгін де жаңылмады. ҚР парламент сенатының депутаты Дана Нұржігіт

Сенатор жолдауға сілтеме жасап, «президент ендігі жерде ешқандай партияны басқармайды, мүше де болмайды, әкімдер жергілікті басқару органдарының бас менеджелері ғана болады», деді.

Оның айтуынша, азаматтық ұстанымы бекем, белсенді әрбір қазақстандық азамат парламенттік сайлауға түсіп, мемлекеттің өркендеуіне үлес қосуына хақы бар.

Азаматтық қоғамның рөлі күшейіп, қоғамдық ұйымдар мен билік өкілдерімен бірге бас қосып, ұлттық жобаларды ашық платформаларда талқылайтын болады. Дана Нұржігіт

Ол сондай-ақ әкімшілік-аумақтық құралымдардағы өзгеріс, аумақ атауларының өзі жер иесі – мемлекет құраушы ұлт екенін айқындай түскенін баса айтты. Осылайша, Семей қаласы Абай облысының орталығы, Жезқазған Ұлытау облысының орталығы болды.

Президент «халық бастама көтерсе, Қапшағайды Қонаев қаласы деп өзгертуге дайынмын» деді. Сайып келгенде, Қасым-Жомарт Кемелұлы «мен халқымның бүгін бақытты болғанын» қалаймын деді. Міне, осы сөзінен шығады, ол жақын арада мемлекеттік басқару жүйесін дебюрократизациялау жарлығына қол қояды.Дана Нұржігіт

Сенатор бұл мемлекеттік басқару аппаратының заманға сай жылдам қозғалуға әсер ететін құжат болатынын атап өтті.

Біз онсыз да көп уақыт жоғалттық. Баррикадаларға шақыратын политикандардың сөзі жүрмеу керек бүгінде! Бүгін Қазақстанға сөз емес, іс керек!Дана Нұржігіт
Әшімбаев Мәулен Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Жолдауы – 2022
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: