Өте күрделі мәселе – Әшімбаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы

Сурет: Zakon.kz
Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бұл – өте күрделі мәселе. Өткен жылы да мемлекеттік қарыз мәселесін көтеріп, оның өскенін сынға алған едік. Содан кейін үкімет жағдайды бақылауға алуға уәде берді. Біз қазір бюджет аясында, әрине, бұл мәселені тағы да қарастырамыз. Мәулен Әшімбаев

Ол 5 мамырда cенат депутаттары 2022 жылға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қарайтынын атап өтті. Осы орайда журналистер спикерден сенаторлар үкімет Ұлттық қордан түсетін мақсатты сома көлемін қысқартуды талап ете ме деп сұрады.

Маған қазір айту қиын, кеше ғана мәжілістегі әріптестеріміз бюджетті қарады. Бюджет жобасы бүгін бізге келуі керек, біз оны зерттеп, мұқият қарайтын боламыз. Егер қандай да бір сұрақтар туындаса, әрине, біз оны көтеріп, үкімет өкілдерімен сөйлесеміз. Мәулен Әшімбаев

21 сәуірде мәжілістің жалпы отырысында үкімет Ұлттық қордан түсетін трансфертті 4 триллион теңгеге дейін арттыруды жоспарлағаны белгілі болды.

Қазақстан
Әшімбаев Мәулен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті