Депутат: Отандық тоқыма бұйымдарын өндірушілерге қолдау көрсетілсін

Тоқыма өнеркәсібін қолдау мәселесін парламенті мәжілісінің депутаты Ғани Ташқараев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевқа жолдаған депутаттық сауалында көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тоқыма өнеркәсібі халықты, әсіресе әйелдерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін әлеуметтік маңызы бар сала екенін ескерсек, онда осы саланың дамуына тиісінше қолдау көрсетуіміз қажет. Бұл ұсыныс жергілікті халық пен кәсіпкерлер тарапынан өңірлерге барған іссапарымыз кезінде жиі көтерілген мәселелердің бірі болды. Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев

Депутат тоқыма өнеркәсібінің жұмысшыларымен болған кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер көтерілгенін айта келіп, соның нәтижесінде тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарын қазіргідей қиын кезеңде қолдау мақсатында бірнеше ұсыныс білдірді:

  1. Шетел валютасының тұрақсыздығына байланысты шикізат құнының қымбаттауы салдарынан мемлекеттік тапсырысты уақтылы орындай алмаған мекемелерді абыройсыз кәсіпкерлер тізіліміне енгізуге мораторий жариялансын.

  2. Жұмыс пен тапсырыстардың болмауы, салық салымдарының төленбеуі сияқты тұрақсыздық кезінде шоттарды бұғаттауға мораторий енгізілсін.

  3. Шетелдік тоқыма бұйымдарының отандық өнімнен айтарлықтай арзан бағамен әкелінуін болдырмас үшін шекарада бақылауды күшейтіп, отандық тоқыма бұйымдарын өндірушілерге қолдау көрсетілсін.

  4. Тоқыма бұйымдарын өндіру бойынша кешенді жоспар құрылсын. Өнім өндірушілерге өндіріс көлемін ұлғайтуға, жұмысшыларды қайта даярлау мен оқытуға қосымша субсидия бөлінсін.

  5. Ішкі нарықта тауарларлы жарнамалауға көмек көрсетілсін.

    Сондай-ақ мәжілісмен ҚР ИИДМ басшысына «Самұрық-Қазына» қорында тоқыма бұйымдарына қатысты тендерлерде қолданылатын ресейлік стандарттардың орнына жалпы мемлекеттік стандарттар әзірлеуді ұсынды.

Қазақстан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: