Референдумда 11 миллионнан астам қазақстандық дауыс бере алады

Сурет: Zakon.kz
15 мамырдағы жағдай бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде 11 722 536 адам бар. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы тізімде бар екеніңізге көз жеткізуіңізді сұраймын. 20 мамырдан бастап сайтта жеке деректеріңізді тексеру мүмкіндігі беріледі. Қандай да бір өзгертулер енгізу қажет болса, дереу учаскелік референдум комиссиясына жүгінуге болады.ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров

Төраға барлық өтініштер бір күнде қаралатынын мәлімдеді. Бүгінде барлығы 10 013 референдум учаскесі іске қосылды.

15 мамырдағы жағдай бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде 11 722 536 адам бар. Жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жағдай жасау мәселелерін бақылауда ұстауы қажет. Мәселелерді, атап айтқанда, такси, сурдоаудармашыларды тарту мүмкіндігін және мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы болу үшін басқа да қажет шараларды одан әрі пысықтау қажет.ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров

Еске салайық, 5 мамырда Қазақстан Парламенті референдум туралы заңға түзетулер қабылдаған еді. Сол күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум 5 маусымға тағайындалған жарлыққа қол қойды.

6 мамырда Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумның қалай өтетінін айтты.

Сонымен қатар ОСК ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтуі үшін сайлаушылардың қатысуы қандай деңгейде болуы керек екенін айтты.

Қазақстан
Қазақстандағы референдум

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімі жарияланды