Қошанов Бородавкиннің мәлімдемесіне жауап берді

Сурет: parlam.kz
Мәжіліс кулуарында палата спикері Ерлан Қошанов Atameken Business телеарнасының журналисіне Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің мәлімдемесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қошанов Бородавкиннің сұхбатын мұқият оқып шыққанын айтты.

"Оның сұхбатының кейбір сәттері шынымен де оның мәртебесіне сәйкес келмейді. Дегенмен Бородавкин мырза – өте тәжірибелі дипломат, біз оны бұрыннан білеміз. Және ол үгіт-насихатшылар мен саясаткерлер сияқты болмауы керек"– деді Ерлан Қошанов.

Бұл ретте Мәжіліс спикері екіжақты қарым-қатынастың игілігі үшін жұмыс істеу міндеті жүктелген дипломаттар үшін мұндай мәлімдемелерге жол берілмейтінін атап өтті.

"Ресейде де, басқа елдерде де ксенофобия бар, сондықтан бірінші кезекте саясаткерлердің мәлімдемесі екіжақты қарым-қатынасымызға зиян келтірмеуі үшін екі елдің, мемлекеттердің игілігі үшін бірге жұмыс істеуіміз керек". Ерлан Қошанов

Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік басылымдардың біріне берген сұхбатында Қазақстандағы "радикал ұлтшылдар" мен "русофобия" туралы сөз қозғаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады