Сенатор Нариман Төреғалиевтің өкілеттігі тоқтатылды

Сурет: wikimedia
Сенат 8 желтоқсанда депутат Нариман Төреғалиевтің өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында Нариман Төреғалиевтің мемлекет басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалып, жаңа қызметке кіріскенін атап өтті.
"Қазақстан президентінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен Нариман Төреғалиевтің Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалғанын білесіздер. Осыған байланысты депутаттың өкілеттігін тоқтату туралы мәселені шешу үшін біз осы ұсынысты беріп отырмыз".Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов

Нариман Төреғалиев 1964 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын және Каспий мемлекеттік университетін бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі. 2017 жылдан бастап сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде депутаты болып жұмыс істеді.


Осыдан кейін сенат депутаттары Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің жаңа төрағасын - Нұртөре Жүсіпті сайлады.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды