Мусин, Оңғарбаев және Ударцев Конституциялық соттың судьясы болды

Сурет: Zakon.kz
Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Қанат Мусиннің кандидатурасын Конституциялық соттың судьясы қызметіне ұсынды. Бұғае дейін оның министрліктен кеткені туралы мәлімденген еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конституциялық Соттың жаңа судьяларының кандидатураларын таныстырған депутат Арман Қожахметов Қанат Мусиннің ұзақ жыл құқықтық қорғау және әділет органдарында қызмет еткенін, парламент мәжілісінің депутаты, комитет төрағасы болғанын айтты. Бұған дейін еліміздің Әділет министрі болған еді. Бүгін президент жарлығымен қызметінен босады.

"Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев - белгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы, конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. Қазір Еуразия ұлттық университетінің проректоры."Арман Қожахметов

Сонымен қатар ол үшінші үміткер Сергей Федерович Ударцевтің белгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы, конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Конституциялық соттың бұрынғы судьясы екенін қосты. Қазір М. С.Нәрікбаев КазГЮУ университетінің ғылыми-зерттеу институтының директоры

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар Конституциялық Соттың судьясы лауазымдарына президент ұсынған кандидатураларды қолдады.

Бұған дейін ҚР парламенті сенатының депутаттары Конституциялық соттың судьяларын тағайындаған еді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады