Қаңтар бүлігі: Бұрынғы қорғаныс министрі Бектанов көрінеу заңсыз бұйрық берген

Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде елдің бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов заңсыз бұйрық бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор әскери сотта экс-қорғаныс министрінің ісі бойынша тыңдаулар әлі жүріп жатқанын айтты.

"Тергеуге сәйкес, ол төтенше жағдай кезеңінде көрінеу заңсыз бұйрық берген және стратегиялық объектілерді әскерилердің күзетінсіз қалдырған. Бұрынғы Қорғаныс министрі елімізде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдамаған".Берік Асылов

Бас прокурордың сөзінше, тәртіпсіздікке қатысушылар, әсіресе Алматыдағылар саны жағынан басым болған. Олар қоршауды бұзған, полиция мен Ұлттық ұлан күштерін басып, халыққа зорлық-зомбылық жасаған. Соның салдарынан қылмыскерлердің қолынан көптеген адам қаза болып, қалалар тоналып, өртелген.

"Сондықтан Бектанов ұрыс жағдайында жасалған билікті асыра пайдалану бойынша айыпталуда (ҚК-нің 451-бабының 3-бөлігі). Сот оның іс-әрекеттеріне түпкілікті баға береді және оның жазасын анықтайды". Берік Асылов

19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қызметтегі әрекетсіздік фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 452-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

20 ақпанда Мұрат Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз