Тоқаев БАӘ Президентіне қонақжайлылығы әрі мазмұнды келіссөзі үшін алғыс білдірді

Сурет: akorda.kz
2023 жылғы 17 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер жүргізіп, бірқатар құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қонақжайлық көрсетіп, мазмұнды келіссөз жүргізгені үшін БАӘ Президенті Шейх @MohamedBinZayed алғыс айтамын. Келіссөз қорытындысы бойынша маңызды келісімдерге қол қойылды", деп жазды Қазақстан Президенті Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі "Әл-Уатан" сарайында өтті. Мемлекет басшысының құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылып, Қазақстанның әнұраны орындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіріп, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Президенттер екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін екі ел басшылары кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, бірқатар құжаттарға қол қойғаны хабарланған болатын.  Одан кейін қос елдің басшысы бірлескен мәлімдеме жасады.





БАЭ
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды