Мәулен Әшімбаев қайтадан сенат спикері болды

Сурет: senate.parlam.kz
26 қаңтарда Мәулен Әшімбаев қайтадан сенат спикері болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қаңтарда Мәулен Әшімбаевты сенат спикерлігіне кандидат етіп ұсынды. Депутаттар ұсынылған кандидатураны қолдады. Дауыс беру үшін сенат депутаттарына 50 бюллетень берілді. Жарамсыздар жоқ. 50-і қарсы емес деп дауыс берді, қалыс қалғандар жоқ. Осылайша Мәулен Әшімбаев сенат төрағасы болып сайланды.

Сенат төрағасы мемлекет басшысы мен халықтың сенімін ақтауға бар күшін салатынын айтып, алғысын жеткізді.

"Құрметті әріптестер, кездесуімізге президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Конституцияға сәйкес, ол мені Палата спикері қызметіне ұсынды және сол арқылы маған үлкен сенім білдірді. Мен үшін бұл - үлкен жауапкершілік. Сіздер мемлекет басшысының ұсынысын қолдадыңыздар. Бұл үшін көп рақмет. Мемлекет басшысы мен халықтың сенімін ақтауға бар күшімді саламын", - деді Мәулен Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін және Тафтс университетін, Флетчердің құқық және дипломатия мектебін (АҚШ) бітірген. Экономист – саяси экономия пәнінің оқытушысы, халықаралық қатынастар магистрі. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.
Еңбек өтілі:
Қазақстан
Әшімбаев Мәулен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді