Мәслихат сайлауына мажоритарлы сайлау округы бойынша 12 мыңдай кандидат ұсынылды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бір мандатты округтер бойынша барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына 12 мыңға жуық адам, партиялық тізім бойынша тағы 1,5 мыңға жуық адам ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, Қазақстанда барлық деңгейдегі 223 мәслихат бар, олардың 3415 мандаты бар:

Ол облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихат депутаттарының жартысы партиялық тізім бойынша, жартысы бір мандатты округтерден сайланатынын атап өтті. Қалалық және аудандық мәслихаттар деңгейінде барлық депутаттар тек мажоритарлық округтер бойынша ғана сайланады.

Сондай-ақ, Константин Петровтың айтуынша, "Ақжол" партиясы барлық өңір бойынша 200, Amanat партиясы барлық өңірлер бойынша 699, "Ауыл" париясы барлық облыстар бойынша 136, "Байтақ" жасылдар партиясы 19 облыс бойынша 93 кандидат, ЖСДП партиялық тізімдер бойынша кандидаттар ұсынбады, Қазақстан Халық партиясы барлық облыстар бойынша 182 кандидат, Respublica партиясы барлық өңірлер бойынша 161 кандидат ұсынды. Барлық өңір бойынша мәслихат депутатын сайлауға барлығы 119 партиялық тізім ұсынылды, тізімде 1471 кандидат бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды