19 наурыздағы сайлауға шет мемлекет пен халықаралық ұйымдардан 52 байқаушы тіркелді

Сурет: Zakon.kz
ОСК 19 наурызға белгіленген парламент мәжілісі мен мәслихаттар депуттаттарын кезектен тыс сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бақылаушыларын аккредиттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ОСК хатшысы Мұхтар Ерман сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бақылаушыларын аккредиттеу бойынша жалпы ұсыныстарды таныстырды.

"Халықаралық бақылау институты ашылғаннан бері 14 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 111 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Бүгінде Сыртқы істер министрлігінен 2 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 52 байқаушы тіркеуден өткізу ұсынылған еді", - деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Атап айтқанда:

Ұсынысты ОСК бір ауыздан қабылдады. Сонымен 19 наурызға белгіленген парламент мәжілісі мен мәслихаттар депуттаттарын кезектен тыс сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бақылаушыларынан 52 байқаушы аккредиттелді.


Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі