Парламент жер заңнамасын бұзушыларға айыппұл салуды мақұлдады

Сенат депутаттары палатаның 2 наурыздағы жалпы отырысында жер заңнамасының кейбір нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай норма "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында бар.

Заңның негізгі мақсаты - жер заңнамасының жекелеген нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу және жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға әкімшілік істерді қарау және тиісті жазалар қолдану өкілеттіктерін беру.

Сенаттың тиісті комитетінің қорытындысында жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау функциялары заң бойынша әкімдіктердің құзыретінен Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырына қайтарылғаны айтылады.

Сонымен қатар жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдарға әкiмшiлiк iстердi қарау және тиiстi жазалар қолдану құқығы берiлiп, жер заңнамасының жекелеген нормаларын бұзғаны үшiн де әкiмшiлiк жауаптылық белгiленедi.

"Заң жекелеген баптар бойынша жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті нақтылауға бағытталған. Сонымен қатар заң жерді пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың өкілеттіктерін қайта қарауды көздейді. Заң сыбайлас жемқорлықты азайтып, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау заңнамасын күшейтеді деп сенеміз". Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев

Бұған дейін парламент ЕАЭО туралы шартқа түзетулерді ратификациялады. Сонымен қатар ЕАЭО-дағы көлеңкелі тауар айналымын қысқарту туралы келісімге түзетулерді ратификациялаған еді.

Парламент кәсіпкерлердің бөлшек сауда салығын қолдануын да мақұлдады.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: