БАҚ өкілдері сенат спикерінен "Осы үкімет құрамы жаңара ма әлде жұмысын жалғастыра ма? Мемлекеттің екінші лауазымындағы адам ретінде не айтар едіңіз?" деп, ой бөлісуін сұрады.
"Конституциямызға сай жаңа сайланған мәжіліс жұмысына кіріскен соң үкімет отставкаға кетеді. Жаңа үкімет жасақталады. Президент кімді премьер-министр етіп ұсынады, қандай министрлер тағайындалады ол президенттің құзыретінде. Сондықтан бұған араласқан дұрыс болмайды. Кішкене тоса тұрыңыздар, көп уақыт қалмады. Келесі аптада бұл мәселелер шешіледі", - деді Мәулен Әшімбаев.
Дегенмен ол "Үкімет жұмысына қандай баға берер едіңіз?" деген сұрақтан қашпады. Әшімбаев Қазақстан үшін қиын кезеңде жұмыс істеген үкіметке сенім білдірді.
"Үкіметтің осындай қиын кезеңде жұмыс істегенін айтқымыз келеді. Инфляция өсті, біраз қарызды да бүгін айттық, бюджеттің шығынын қысқарту туралы да айттық. Көп мәселені айтып жатырмыз. Бұл жерде үкімет осы мәселелерді ескеріп, келесі жылдың бюджетіне келгенде осының барлығын бюджетте қарастырады деп сенеміз. Біз осыны қамтамасыз ету үшін сынаймыз. Қазір үлкен сайлаудың алдында тұрмыз. Осындай жауапты кезең алдында баға бермей-ақ қояйын. Сайлау өткеннен кейін, тағайындаулар болғаннан кейін біз барлығын айтайық. Сол кезде осы сұрақты қойсаңыздар, өз бағамды беремін. Мәулен Әшімбаев