Парламент жаңа Әлеуметтік кодекс қабылдады

Сурет: senate.parlam.kz
16 наурызда сенат депутаттары жаңа Әлеуметтік кодекс туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік кодексті әзірлеу - халықаралық стандарттарға сай келетін әлеуметтік қорғау жүйесін құру жөніндегі мемлекеттік саясаттың стратегиялық маңызды шешімдері мен нәтижелерінің бірі.

Сенатор Ләззат Қалтаева өзінің баяндамасында әлеуметтік кодекс түрлі заңнамалық актілердің орнына әлеуметтік саясаттың құқықтық негізі болатынын айтты. Оның негізгі басымдықтары - халықты жұмыспен қамтуды ынталандыру және азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру.

Жүргізілген реформалардың нәтижесінде халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі құрылады және әлеуметтік қамсыздандыруға жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлінеді.


"Жалпы, Әлеуметтік кодексті қабылдау бірлескен жауапкершіліктің рөлін күшейтуге, әлеуметтік қорғау саласындағы проблемаларды шешуге, әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесіне алдын алу тәсілді енгізуге ықпал ететін болады. Әлеуметтік кодексті іске асырудан көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының өмір сүру сапасын жақсарту, олардың әлеуметтік қорғалу дәрежесін арттыру, сонымен қатар олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға кірігуі үшін тең мүмкіндіктер жасау болжанады. Ләззат Қалтаева


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты