Қазақстан ЕАДБ жарғылық капиталындағы үлесін ұлғайтады

Сенаторлар "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы Еуразия даму банкінің төленген жарғылық капиталындағы Ресей Федерациясы үлесінің бір бөлігін сатып алу және сату туралы келісімді" ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң жобасында 2023 жылғы 6 наурызда Мәскеуде қол қойылған Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы Еуразия даму банкінің (бұдан әрі – ЕАДБ) төленген жарғылық капиталындағы Ресей Федерациясы үлесінің бір бөлігін сатып алу және сату туралы келісімді ратификациялау көзделген.

ҚР үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы Еуразия даму банкінің төленген жарғылық капиталындағы Ресей Федерациясы үлесінің бір бөлігін сатып алу және сату туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) сәйкес Қазақстанға сатылуға жататын Ресей Федерациясы үлесінің бір бөлігі номиналды құны 65 151,0 мың АҚШ доллары болатын Еуразия даму банкінің 65 151 акциясын құрайды.

Келісімді іске асыру республикалық бюджеттен жалпы 2024 - 2027 жылдарға сомасы 29 969 460 мың теңге (бұл 65 151,0 мың АҚШ долларына баламалы) қаражат бөлуді талап етеді, оның ішінде жылдар бойынша:

Республикалық бюджет комиссиясы (2023 жылғы 9 ақпандағы № 3 хаттама) көрсетілген шығыстарды толық көлемде қолдады.

"Келісімге сәйкес қайта бөлу шеңберінде ЕАДБ жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасының үлесі 4,3% (32,99%-дан 37,29%-ға дейін) ұлғаяды. Жалпы Ресей Федерациясының үлесін 65,97%-дан 44,78%-ға дейін төмендету, Қазақстан Республикасының және басқа да акционер елдердің үлесін ұлғайта отырып, ЕАДБ акционерлік құрылымын симметриялы етуге және оның жобалау қызметінің тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді. Қазақстанда қорды қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз етеді, инвестициялық банктер тарапынан ЕАДБ үшін жабық своп желілері жаңартылады, рейтингтер мен кредиттеудің ағымдағы мөлшерлемелері сақталады", - делінген парламент сенатының бейіндік комитетінің қорытындысында.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: