Ерлан Қошанов сайлау әділ өтіп жатқанына сенімді

Сурет: Zakon.kz
Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz .

Ол Астанадағы 110-сайлау учаскесінде дауыс берді.
"Халықтың саясатта белсенділігі жоғары. Халық өз тағдырын өзі шешуге құштарлық танытып отыр. Бүгін біз мұны көріп отырмыз", – деді Қошанов журналистерге.

Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы министрлер кабинетіне жаңа адамдардың келуі ықтимал екенін атап өтті.

"Өз ісін білетін, ел игілігі үшін еңбек ететіндер келеді деп сенеміз".Ерлан Қошанов

Қошановтың сөзінше, сайлау әділ өтіп.

"Болашақта Мәжілісті кім басқаратынын келетін депутаттар шешеді", – деді ол.

Қазақстанда 19 наурыз, жексенбі күні Парламент мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын кезектен тыс сайлау басталды. Сайлау учаскелерінің көбі таңғы сағат 7:00-де ашылды. 19 наурызда Астана уақыты бойынша 20:00-ге дейін 12 миллионнан астам азамат дауыс бере алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады