Ілияс Түстікбаев жолдау туралы: Балаларға арналған ұлттық қор елімізде де құрылатыны құптарлық

Фото: Zakon.kz
Қазақстан студенттер Альянсы пезиденті, қоғам белсендісі Ілияс Түстікбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ілияс Түстікбаевтың сөзінше, осы жолғы жолдаудан мемлекет басшысы барлық жағдайдан хабардар екені, халықтың мұң-мұқтажын, сұранысын білетіні, заманға сай шешімдерді қабыдағаны көрінді, байқалды.

Шыны керек, ең күтпеген жаңалық – балалардың есепшотына ұлттық қордан ақша аударып отыру шешімі болды. 18 жасқа дейін әр баланың есепшотына ақша аударылып, содан кейін бала үлкен өмірге қадам басқанда ол ақшаны оқуға және үй алуға жұмсай алатыны айтылды. Мұндай тәжірибені біз араб елдерінен және басқа да дамыған мемлекеттерден көретін едік. Қызығып қарайтын едік. Бұл жаңалықтың бізге келгені жастарымыздың үлкен өмірге еш қиындықсыз қадам басып кетуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Себебі әр жас үшін үлкен өмірге қадам басқанда жұмысқа орналасу, үй алу, үйлену деген мәселелер өзекті.Ілияс Түстікбаев

Қазақстан студенттер Альянсының мүшесі ретінде Ілияс Түстікбаев жастарға оқу және бизнеспен айналысу үшін берілетін жеңілдікті несиелер берілетініне ерекше тоқталды.

Жастардың оқуына жылдық 2-3% жеңілдікпен несие берілмек. Себебі президент отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын олардағы білімнің құны да өсетінін айтты. Сонымен қатар кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету үшін жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5% болатын шағын несие берілетіні айтылды. Дәл қазіргі заманда жастардың кәсіп ашып, бизнеспен айналысуға құлшынысы жоғары екенін байқап жүрміз. Осы несие сол жастарға жаңа серпін береді деп ойлаймын. Келесі жылы түрлі шаралар арқылы 100 мың жасқа жұмыс берілу керек екенін де жеткізді. Бұл жұмыссыздықты азайтуға көмектеседі деп есептеймін. Ілияс Түстікбаев

Қоғам белсендісінің айтуынша, ерекше атап өтетін тағы бір мәлімдеме – ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге көбейту.

"Бұл еліміздегі 1,8 миллион халықтың кірісіне, қаржысына әсер етеді", - деді Ілияс Түстікбаев.

Сонымен қатар Ілияс Түстікбаев мемлекет басшысының батыл әрі сенімді қадамының бірі – күзде президент сайлауын өткізуді ұсынғаны деп есептейді.

Бұл жерде де маңызды нәрселер бар. Енді предизенттік сайлауға түсу мүмкіндігі бір рет қана болады, қайта сайлану құқығына тыйым салынады. Сонымен қатар перзиденттік мерзім 5 жылдан 7 жылға ұзартылады. 7 жылдық мерзімді заманға сай мерзім деп ойлаймын. Себебі бұл тәжірибе өзге мемлекеттерде қолданылып келеді. Президент өзі айтқандай нақты нәтиже көрсетемін деген адам осы 7 жылда кешенді жоспармен келіп, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істей алады.Қазақстан студенттер Альянсы пезиденті

Ілияс Түстікбаев президент жастар арасында нашақорлық, синтетикалық есірткінің оңай әрі тез тарауы туралы да жақсы бастама көтергенін айтып отыр.

Енді осы мәселемен күресу үшін арнайы бағытталған кешенді жоспар әзірленеді. Соның арқасында әсіресе жастар арасында есірткіге үйір болу, адасу тоқтайды деген сенімдемін.Ілияс Түстікбаев

Ілияс Түстікбаев мемлекет басшысының қаңтар оқиғасына қатысушыларға біреттік рақымшылық жариялағанын күтпеген шешім ретінде бағалады және халық үшін өте маңызды мәлімдеме екенін қоса кетті.

Қазақстан
Президент Жолдауы – 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты