22 жыл бұрын адам өлтірді деген күдікті Дағыстанда ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Тергеу барысында 1999 жылы күдіктінің таныстарымен бірге бірқатар ауыр қылмыстар жасағандығы анықталды

22 жыл бұрын адам өлтірді деген күдікті ер адам павлодарлық жедел уәкілдермен Дағыстанда ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz мәліметінше, іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар облысының жедел қызметкерлері Ресей Федерациясының Дағыстан Республикасының Каспий қаласында Павлодар облысының Екібастұз қаласында кісі өлтірді деген күдікпен 41 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған азамат қамауға алынды.

1999 жылғы 4 сәуірде сағат 19.00-де Екібастұз қаласындағы Ломоносов көшесіндегі үйдің кіреберісінде 19 жастағы жігіт оқ атып, Екібастұз қаласының 36 жастағы тұрғынын өлтірген. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабы 2-тармағы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ер адам тергеу органдарынан жасырынғандықтан, іздеу жарияландыПавлодар облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Тергеу барысында 1999 жылы күдіктінің таныстарымен бірге бірқатар ауыр қылмыстар жасағандығы анықталды: ұрлық, төрт қарақшылық шабуыл және кісі өлтіру.

Жыл басынан бері құқық қорғау органдарының күшімен 98 қылмыскердің мекенжайы анықталды.

Ресей
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады