Келінінің атын жамылып қылмыс жасады

Сурет: Zakon.kz
Күдікті WhatsApp желісі арқылы жәбірленушіден келінінің атын жамылып ақша сұраған

Түркістанда туысқан әйелдің атынан есепшотына ақша аудартып алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.   

Түлкібас ауданының ПБ-на жергілікті әйелден арыз келіп түсті. Ол белгісіз азаматтың есепшотына 100 мың теңгесін салып жібергенін хабарлады. Алайда мұның алаяқтың ісі екенін келіншек кеш түсінген. Себебі ұры жымысқы әрекетін өзге адамның атынан жасаған.  

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс тіркеді. Аудандық тәжірибелі полицейлер қылмысты дер кезінде ашып, алаяқты ұстауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстары атқарылды. Түлкібас ауданы ПБ-ның баспасөз қызметі

Полицейлер тексеру жұмыстарының нәтижесінде ақша аударылған есепшотты анықтады. Ол Қазығұрт ауданының тұрғынына тиесілі болып шықты. Күдікті ер адам ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. 

Анықталғандай, ұсталған ер адам WhatsApp желісі арқылы жәбірленуші әйелге оның келінінің атынан хабарлама жазып, ақша сұраған. Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп 100 мың теңге салып жіберген.

Қазіргі уақытта күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты