Алматыда Алагөзова жарнамалаған қаржы пирамидасына қатысты екі күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Mudaraban Capital ЖШС-ның тағы екі қызметкері қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл - компанияның негізін қалаушы 1988 жылы туған Ж. есімді және басқарма төрағасы қызметін атқарған 1983 жылы дүниеге келген Р. есімді азаматтар. Олар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды және Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы қаласы ПД бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов

Айта кетсек, қылмыстық іс Алматы қалалық полиция департаментінде бір топ азаматтардың “ASTEX.KZ” ЖШС, “ACD Technology” ЖШС лауазымды тұлғаларына қаржылық пирамида құру және басқару фактісі бойынша ұжымдық арыз жазуларына байланысты тіркелген болатын (ҚР ҚК-нің 217 бабы).

2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажет деп болжанатын қаражатты тарту бойынша бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқаны анықталды, екіжақты құжатқа сәйкес фирмалар әрбір салымшыға салынған салым сомасының 20 пайызын ай сайын төлеуге міндетті болған. “ASTEX.KZ” ЖШС-не 162 салымшының екі миллиард теңгеден астам қаражаты басқа компания – “MUDARABAN CAPITAL” ЖШС арқылы түсіп отырған. Осы қылмысты жасағаны үшін барлығы сегіз күдікті әшкереленді, олардың алтауы соттың санкциясымен қамауға алынды, біреуі іздеуде, тағы біреуі үйқамақта.

Қылмыстық іс Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының тергеушілерінің өндірісіне алынған.

Тергеу жалғасуда.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді