Түркістан облысында жоғалған баланың денесі табылды

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Жасөспірімнің денесі үйінің маңындағы септиктен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ордабасы АПБ-нің 102 пультіне Шұбарсу ауылының әйел тұрғыны хабарласып, кәмелетке толмаған баласы жоғалып кеткенін айтқан.

Жоғалған бала 8-сыныпта оқыған, ол 18 желтоқсан күні белгісіз бағытқа хабар-ошарсыз кетіп, қайтып оралмаған.

Жоғалған жасөспірімді іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан жауап алды. Іздестіру шаралары барысында Ордабасы АПБ-нің полицейлері тұрғынның өз үйінің ауласындағы септиктен 14 жасар баланың денесін тапты. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Алдын ала болжам бойынша, кәмелетке толмаған жасөспірім септикке құлап, қайтыс болған. Сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға абай болу және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігі туралы ескертеді.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?