Қазақстандықтарды қос алаяқ 17 млн теңгеге алдап кетті

Сурет: Zakon.kz
Қазақстандықтарды қос алаяқ 17 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР ІІМ ақпараттық медиа-порталы жыл басынан бері Қарағанды қаласының ПБ-не интернет-алаяқтардың арбауына түсіп қалған қала тұрғындарынан өтініштер түскен. Алаяқтар ақпараттық жүйені пайдалана отырып, шағын несие ұйымдары арқылы 105 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейін несие рәсімдеп алып отырған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілер – 26 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады. Олар Шымкент қаласының тұрғындары. Күдіктілер банк карталарын пайдаланып, жалпы сомасы 17 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Іс-әрекеттерін республика бойынша асырған. Күдіктілердің интернеттегі алаяқтық бойынша 150 фактіге қатысы бары анықталып жатыр. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот қылмыскерлерге қамауға алу түріндегі жаза тағайындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз