Павлодарда жастардың қырғын төбелесінің ортасына жүрек жұтқан әйел қойып кетті

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде түн ішінде бірнеше адамның  төбелесі түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Рavlodarnews.kz мәліметінше, бейнекадрлардан белгісіз адамдар көлікке отырып кеткеннен кейін  бірнеше жігіттің төбелесіп жатқанын көруге болады. Олардың көбі бір-екі адамға жабылып, жұдырықтай бастаған. Осы кезде қолында пакет ұстаған әйел келіп, жәбірленушілерге араша түседі.

Бұл жағдайға қатысты  облыстық  полиция департаментінде төбелестің 2021 жылы  22 желтоқсан күні болғанын растады. 

Аталмыш факт полицияда тіркелген. Павлодар қаласында Н.Назарбаев даңғылы, 204-ші үйдің ауласында орын алды. Жеке тұлғалар анықталды. Тексеру жүргізілуде. Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі

Әйел адамның батылдығына тәнті болған желі қолданушылары оған қатысты жақсы пікірлер қалдырған. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты