Шымкент – Самара тас жолында бір мезетте төрт көлік соқтығысты

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкент – Самара тас жолында бір мезетте төрт көлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz
26 желтоқсанда Сауран АПБ-нің кезекші бөліміне Ескі Иқан ауылына қарасты Шымкент – Самара тас жолының 135-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алғаны жайлы хабар келіп түсті. Бірден тәртіп сақшылары жолға шықты. Полицейлердің анықтауы бойынша, сағат 22:15 шамасында Mercedes Benz жүк көлігі, Daewoo Nexia автокөлігі, оның соңынан ВАЗ-2105 ресей автокөлігі, сонымен қатар Toyota Сamry көліктері ауа райының қолайсыздығына байланысты бір-біріне соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасады. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Материалдық шығын келтірілген.

Аталған жайтқа қатысты жол апатын жасаған Mercedes Benz жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-тармағымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша хаттама толтырылып, Түркістан қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жинақталған құжаттар жолданды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті