Көкшетау полициясына бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат келіп түсті

Сурет: pixabay
Ақмола полициясына терроризм актісі туралы екі жалған хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz

Ақмола облысы полиция депратаментінің хабарлауынша, 8 қаңтар күні сағат 14:52-де Көкшетау қ. полиция басқармасының ЖБО Көкшетау қаласының 30 жасар тұрғынынан оған бір ер адамның сауда үйлерінің бірінің ғимаратына бомба қойылғанын хабарлағаны туралы телефон қоңырауы түскен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы 1-бөлігі "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақмола облысы полиция департаменті

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, полиция қызметкерлері жарылғыш заттың салынғаны туралы жалған хабарлама таратқаны үшін облыс орталығының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Медициналық куәландыру қорытындысы азаматтың қызу болғанын айғақтап берді.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері жарылғыш зат таппады. Ақмола облысы полиция департаменті

Бұдан бөлек, 2022 жылғы 9 қаңтар күні сағат 21.25-те Көкшетау қ. ПБ ЖБО-ға «102» нөміріне Көкшетау қаласының тұрғынынан оның пәтерінде жарылғыш зат бар екендігі туралы телефон хабарламасы түскені белгілі болды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жарылғыш зат туралы хабарламаны полицияға хабарлаған тұрғынның өзі ойдан шығарғаны анықталды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азаматшада "алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі" анықталды. Іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері жарылғыш зат таппады.Ақмола облысы полиция департаменті

Естеріңізге сала кетейік, адамдардың қаза табуы, елеулі мүліктік залал келтіру не өзге де қоғамға қауіпті салдарлардың туындау қаупін туғызатын дайындалып жатқан жарылыс, өрт қою немесе өзге де әрекеттер туралы көрінеу жалған хабарлама 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты