Бүлік кезінде полицейлердің соққыға жығылған сәті түсірілген видео жарияланды

Сурет: видеодан алынды
Алматы қалалық ПД қаңтар оқиғалары кезінде полицейлердің соққыға жығылған сәті түсірілген видеомен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл кадрлар 4-5 қаңтар аралығындағы бейнебақылау жүйелерінің деректері мен әлеуметтік желіде жарияланған материалдардан алынып, топтастырылды.

Айта кетсек, жүздеген агрессивті адамдар тәртіпсіздіктерді, басқа да заңсыз әрекеттерді басу кезінде полиция қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге бірнеше рет шабуыл жасап, соққыға жыққан.

Жалпы алғанда, лаңкестік әрекеттердің жолын кесу және мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары мен стратегиялық нысандарына қарулы шабуылдарды тойтару нәтижесінде Алматы полициясының үш қызметкері қаза тапты, тағы 185 тәртіп сақшысы жарақат алды, олардың екеуінің жағдайы ауыр. Қаңтардың 5-і күні Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде екі полиция қызметкері Ален Асылханов пен Ринат Қамбетов жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір тәртіп сақшысы Нұрболсын Алмасов стратегиялық маңызы бар нысандардың бірін қорғау кезінде қайтыс болды. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз