Форт-Шевченко қаласының әкімі қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Түпқараған ауданының сотында мас күйінде көлік жүргізді деген айыппен Форт-Шевченко қаласының әкіміне қатысты іс қаралды. Ол 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лада" сайтының мәліметінше, сот Шалқыбай Әзірбаевты жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім шығарды, бірақ сотталушының өзі кінәсін мойындамады.

Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі нақтылағандай, әкім өзінен алкоголь иісінің шығуын ауырып тұрғандықтан мойнына жаққан спирттен болды деп түсіндірген. Шенеунікке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сотта Әзірбаевтың Ақтау – Форт-Шевченко тас жолының үшінші шақырымында мемлекеттік нөмірі 397 АС 12 Toyota Camry маркалы көлігінің рөліне мас күйінде отырғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысы оның ағзасында 0,73%, яғни жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдықты растады. Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сот қаулысымен Шалқыбай Әзірбаев ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамау алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты