ІІМ ел азаматтарынан заңсыз қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыруды сұрайды

Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыруды сұрап, халыққа үндеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz

Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер барысында қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан қылмыскерлер атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлады.

Ұрланған қару мен оқ-дәрілер заңсыз мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық (ҚК 287-бабы - 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру) және әкімшілік (ҚР ӘҚБтК 482-бабы-25 АЕК айыппұл) жауапкершілік көзделгенін қаперлеріңізге саламыз.  ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың іс-әрекеттерінде өзге қылмыстар құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Осыған байланысты ІІМ азаматтарды заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және арнайы құралдарды өз еркімен тапсыруға шақырады.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу және жарақаттан сақтандыру мақсатында табылған жарылғыш материалдармен және оқ-дәрілермен қандай да бір әрекеттер жасамауды, оларды тасымалдауға тырыспауды, бұл туралы полицияға 102 немесе 112 телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз.

ІІМ жүргізіліп жатқан осындай шараларға халық түсіністікпен қарап, қолдау білдіреді деп сенеді.

 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты