Алматы облысында ер адам қатарынан екі көліктің астына түсіп, мерт болды

Сурет: polisia.kz
Белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған 45 жастағы астаналық жігітті тізгінінде 29 жастағы Талғар тұрғыны болған Mitsubishi Carisma көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz

Қатты соққы салдарынан көлік те, жаяу жүргінші де жолдың қарсы бетіне ұшып түскен. Ал сол жолмен келе жатқан ВАЗ-2114 көлігі алдымен жаяу жүргіншіні қағып, одан соң көлікке соғылған. Екінші көліктің тізгінінде Еңбекшіқазақ ауданының 31 жастағы тұрғыны болған.

Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Марқұм Жамбыл ауылына анасының үйіне қонаққа келген. Қаралы ана ұлының Еңбекшіқазақ ауданына қалай тап болғанын білмейді. Түнде ол өз жұмысымен үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді. Жол апатының себебі - қараңғы уақытта жаяу жүргіншінің белгіленбеген жерден жол үстіне шығуы. Сондай-ақ жол оқиғасына қатысушылардың барлығына қатысты медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша әрқайсысының алкоголь тұтынған-тұтынбағаны анықталады. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті