Алматы облыстық ПД бастығы болып Арыстанғани Заппаров тағайындалды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Алматы облысы полиция департаментінің жаңа бастығы болып ҚР ІІМ басшысының экс-орынбасары Арыстанғани Заппаров тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің осындай бұйрығы жарияланды.

Қалыптасқан криминогендік жағдайды ескере отырып, кадрлық әлеуетті нығайту, қылмысқа қарсы күресті күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін осындай кадрлық өзгеріс жасалды, делінген ресми құжатта.

Арыстанғани Заппаров 1969 жылы 7 қарашада Жамбыл облысында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

Полиция полковнигі.

Еңбек өтілі:

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1993 жылы бастаған.

1993 – 2001 жылдары Жамбыл, Алматы облыстарының ІІБ, Алматы қаласының ҚІІБ жедел құрам лауазымындарында қызмет атқарған.

2001 жылдан бастап Алматы облысының жедел бөліністерінің басшылық лауазымдарында жұмыс істеген.

2010 жылдан бастап – Алматы облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы.

2012-2013 жылдары Алматы қаласының және Ақмола облысының ІІМ қалалық органдарының бастығы лауазымыда қызмет өткерген.

2013-2014 жылдары – Көліктегі ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы.

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары.

2016-2017 жылдары – Ақтөбе облысының ІІД бастығының бірінші орынбасары.

2018 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.

2019 жылғы 17 сәуірден бастап – Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы.

2019 жылғы 19 шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді