Алматы облысында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр

Сурет: Instagram/knbgovkz
Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды6 деп хабарлайды Zakon.kz.

Терроризмге қарсы іс-шаралар ҰҚК қызметкерлері "А" арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен бірлесіп жүзеге асыруда.

ҚР ҚК 287-бабының 4-бөлігі, яғни "Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде күдіктілердің Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарындағы тұрғылықты мекен-жайында тінту жүргізілді. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб

Қару (тегіс ұңғылы қару, оқ-дәрілер), жарқылдақ шуылдатқыш және жауынгерлік гранаталар, полиция қызметкерлеріне арналған жарақтар, ұялы телефонның 123 қабы, жасыл түсті ерекше иісі бар зат тәркіленді.

Арнайы және құқық қорғау органдары жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда. Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауды, олардың заңды талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб

26 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап 27 қаңтардың сағат 00: 00 уақытына дейін Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының аумағында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.

Бұл мемлекеттік мекемелерге жасалған шабуылға және Алматы қаласындағы коммерциялық нысандарды тонауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтату үшін жасалып отыр.

Талдықорған
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?